Ақмола облысында 82 жастағы әжейді көлік қағып мерт қылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Аршалы ауданында көшенің рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған 82 жастағы қария көліктің астына түсіп мерт болды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Аршалы кентінде болған.
Анықталғандай, «Volkswagen Passat» көлігің 20 жасар жүргізушісі абайсызда көшенің рұқсат етілмеген тұсынан өтіп бара жатқан 82 жастағы қарияны қағып кетті. Әйел адам жедел ауруханаға жеткізілгенімен, алған дене жарақатынан көз жұмды.
«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») іс қозғалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмғанын жазған едік.