Ақмола облысында алтын рудасын өңдейтін заңсыз цех анықталды

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеуге арналған шағын цех жойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

цех
Фото: polisia.kz

50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген. Полиция қызметкерлері үгіту аппараты мен басқа да жабдықтарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тапты.

Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар