20:31, 21 Шілде 2024 | GMT +5
Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кетті
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы өртеніп кетті.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған.

«Әуеге көтерілмекші болған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары 8 минут ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт толғымен сөндірілді», - деді ведомстводан.
ТДЖ баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалғанын жазған едік.