Ақмола облысында аудандық аурухана мемлекеттік сатып алу шарты бойынша кәсіпкерге 518 мың теңге төлемей келген
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында аудандық аурухана мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша кәсіпкерге 518 мың теңге төлемей, жалтарып келген. Облыстық прокуратурадан көмек сұраған кәсіпкердің өтініші назарсыз қалмай, заң аясында шешілді.
Аудан прокуратурасына кәсіпкер Ерейментау аудандық ауруханасы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауар жеткізгені үшін ақы төлемеу мәселесі бойынша жүгінді.
«Кәсіпкермен аудандық ауруханасы арасында жалпы сомасы 518 мың теңгеге 3 дана „эластотонометрді“ (көзішілік қысымды анықтау үшін индикаторы) жеткізуге мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды», — делінген хабарлмада.
Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталатын, Серіктестік Кәсіпорынмен қабылдаған тауарды жіберді, сол арқылы Серіктестік тауарды жеткізгені бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпкерге көрсетілген сома толық көлемде төленді.