Ақмола облысында балабақша есепшісі 9 млн теңгені жымқырғаны анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысының прокурорларын мектепке дейінгі білім беру ұйымында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықтады.

балабақша
Фото: Астана әкімдігі

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жақсы ауданы прокуратурасы «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

- Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, одан әрі тергеу экономикалық тергеп-тексеру Департаментіне тапсырылды, - делінген хабарламада.

Осыған дейін прокуратура міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындарға ескерту жасағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар