Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM - Ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель отынымен жүретін көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Жол полициясы
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Полиция қызметі күшейтілген режимге ауыстырылып, инспекторларға автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсету, адам тасымалдаумен айналысатын компанияларға мұндай ауа райында жолда жүру қауіпті екенін ескерту тапсырылды.

«Қыста қала маңындағы автомобиль жолына шықпас бұрын маршрутты алдын ала жоспарлау қажет. Сондай-ақ, жүргізушілерден ауа райы қолайлы болғанға дейін алыс жолға шықпауды сұраймыз", - деп атап өтті облыстық ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Аслан Қызбикенов