Ақмола облысында экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауыты салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holding компаниясының (ҚХР) төрағасы Ван Вэньфэнгпен кездесті. Компания астықты терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

зауыт
Фото: primeminister.kz

Ақмола облысында натрий глутаматы, амин қышқылдары және экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған. Ван Вэньфэнг жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан белсенді қолдау көрсетілгенін атап өтті. 

зауыт
Фото: primeminister.kz

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жоба сәтті іске асырылады және өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деген сенім білдірді. 

зауыт
Фото: primeminister.kz

Ақмола облысында бидайды терең өңдеу зауыты салынатынын жазған болатынбыз.

«Бидайды терең өңдеуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойғалы отырмыз. Бидайды терең өңдеп, оны Қытай басқа да елдерге жеткізетін жоба. Келісім аясында 650 млн доллар инвестиция тарту күтіледі және 1 мың жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыратын орны белгіленіп, пысықталды, келер жылы зауыттың құрылысы басталады деген жоспар бар», - деді Марат Ахметжанов елордада қазақстандық жаһандық инвестициялар тақырыбында өтіп жатқан форум барысында. 

Соңғы жаңалықтар