Ақмола облысында ерлі-зайыптылар қаза тапқан үйді өртеген күдікті ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола полицейлері болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Щучинск қаласында екі адам қаза болған өртке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
— Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті азамат үйді қасақана өртеген. Өрт кезінде онда тұрып жатқан ерлі-зайыпты қаза тапқан, — деп түсіндірді ведомство.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында өрттен екі адам қаза тапқаны хабарланған еді.