Ақмола облысында Есіл өзені тасыды: суда қалған 4 адам құтқарылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында суда қалған аумақтардан адамдар мен жануарларды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы аумағында Есіл өзені арнасын асып тасыған. Соның салдарынан «Стимул» шаруа қожалығының мал қорасын су басып 4 жұмысы шыға алмай қалған.

«Сәуірдің 6-да ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 4 жұмысшыны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Сонымен бірге, 3 жылқы және 3 ит құтқарылды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Астананың түбіндегі Талапкер ауылында каналды су шайып кеткенін жазғанын едік.