Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдап бара жатқан жүк көлігі ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысындағы тас жолда қарағай тұқымының 30 ағашын тасымалдап бара жатқан «Камаз» жүк көлігі тоқтатылды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 1 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

қарағайды ұрлап бара жатқан көлік
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Астана-Петропавл» республикалық трассасында патрульдік полиция ротасының инспекторларымен бірлесіп, ұрланған қарағай ағаштарын тасымалдау фактісінің жолын кесті. Жүк көлігін тоқтату кезінде жедел уәкілдер тіркемеде Ақкөл ауданы Кеңес ауылының орман алқабының аумағында кесілген 30 ағашты тапты.

қылқанжапырақты ағаш ұрлап бара жатқаг көлік
Фото: Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Камаз» жүргізушісі ағаштарды қазған жұмысшыларды жалдағаны алдын-ала анықталды, содан кейін ол жер кесектерімен бірге қарағайларды елордалық кәсіпорындардың біріне сатуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қажетті жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Залалдың нақты сомасы әзірге белгіленуде, бірақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша мемлекетке келтірілген залал 1 миллион теңгеден асады»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Целиноград ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері биыл қыркүйек айында жасалған 40 қайың көшетін ұрлағанын анықтады. «Жасыл Аймақ» РМК орман қоры аумағынан ағаштар ұрланғаны анықталды, ал залал сомасы 1 560 000 теңгеден асты. Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде, 28 жастағы күдіктіге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Осыған дейін Ақмола облысының Ерейментау ауданында есірткі зертханасы анықталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар