Ақмола облысында қызметкер балабақшада мас күйінде болған
АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысының прокуратурасы балабақшаларда тексеріc жүргізді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша әртүрлі 300-ден астам заң және ереже бұзушылықтар анықталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.
Басқа жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинағаны (директор жұмыстан шығарылды).
3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды.
Мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.
Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.