Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» жолы уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
- 2 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Көкшетау – Атбасар» автожолының 105-184 шақырым аралығында, яғни Балкашин ауылы мен Атбасар қаласы арасындағы бөлікте көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылады, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Жолды 3 наурыз күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Айта кетейік, елордалық әуежай жолаушыларға маңызды хабарлама жасады.