Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 1 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында жол-көлік оқиғасына, жол жүрудің қиындауына, сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізу қажеттілігіне байланысты «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 107–232 шақырым аралығында (Ақкөл қаласы – Щучинск қаласы) барлық автокөлік түрлері үшін бір бағытта қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 1 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін қарашада еліміздің көлік және туризм салаларында болатын бірқатар жаңалық пен оқиғаны назарыңызға ұсынған едік.