Ақмола облысында көпфункционалды туристік аймақ құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Облыстың екі ауданында туризмді ілгерілету мақсатында екі көпфункционалды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлім етті.

Марат Ахметжанов
Фото: ОКҚ

- Туризмді дамыту бойынша екі көпфункционалды инвестициялық жоба жоспарланған. Оның бірі Бурабай ауданындағы коттедж-қонақ үй үлгісіндегі демалыс аймағы, Ақкөл ауданында тұруға арналған және санитарлық-курорттық емдеу нысандары кешенін кеңейту. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Қазір бұл аймақта өз өнімдерін ұсынуға мүдделі инвесторлар пулы бар.

Мысалы, көлік-логистикалық орталығы, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісін атауға болады, - деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, әкім елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылғанын айтты. 

- Орталық базада 50 компаниямен кездесулер өтті, олардың басым бөлігі шетелдік инвесторлар. Бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, елордада ұсынылған жалғыз аймақтық фронт-офис деуге болады. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз,- дейді М. Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар