Ақмола облысында ҚР Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін облыс орталығында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ту
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, қаланың құрметті азаматтары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты. Туды көтеру мемлекеттік Әнұранның орындалуымен қатар жүрді.

Айта кетейік, іс-шара облыстың барлық аудандарында өтті. Облыста Республика күнін мерекелеу аясында барлығы екі мыңнан астам іс-шара өтті.

әкім
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
ту
Фото: Ақмола облысының әкімдігі
ту
Фото: Ақмола облысының әкімдігі