Ақмола облысында құтқарушылар 47 адамның өмірін сақтап қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысы Қосшы қаласындағы тұрғын үй кешендердің бірінде электр сымдары тұйықталып, ол кейін жануға алып келді.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт үйдің жертөлесінде орналасқан сұлулық салонының төбе жабынына көшкен.
Шақыру орнына келген құтқарушылар баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, үйдің жоғарғы қабаттарынан 4 адам, оның ішінде 3 бала автокөлік сатысының көмегімен құтқарылды.
Бұған дейін суға батып бара жатқан баланы құтқарған жігіттің оқиғасын жазған едік.