Ақмола облысында мекеме 107 жұмыскерге 2,1 млн теңге үстемақысын төлемей келген

АСТАНА. KAZINFORM- Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуратурасы анықтаған заңбұзушылықтан кейін «Целиноград Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 107 жұмыскеріне 2,1 млн теңге үстемақы төленді, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

құжат
Фото: Pexels https://www.inform.kz/ru/pravila-finansirovaniya-mezhdunarodnogo-soveta-priverhovnom-sude-hotyat-izmenit--face0635

Аудан прокуратурасы «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 107 жұмыскерге заңнамада көзделген жалақы үстемеақылары төленбегені анықталды.

Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде жұмыскерлерге тиісті үстемеақылар белгіленіп, 2,1 млн теңге төленді. Осылайша, 107 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.

-Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу барысында бірқатар заңсыздық әшкерленгені туралы жаздық.