Ақмола облысында мұғалімдердің жалақысы себепсіз кешіктірілген

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысы прокуратурасының іске араласуынан соң Ерейментау ауданында мұғалімдердің жалақы бойынша берешегі өтелді. 

Прокуратура
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Ерейментау ауданының прокуроры Үленті ауылдық округіне барып, жеке қабылдауда мектеп директорының орынбасары мұғалімдерге жалақы төлеуді кешіктіру мәселесі бойынша шағым айтты.

Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, келесі күні жалпы сомасы 8 млн теңгегеден астам жалақы бойынша берешек өтелді.

Айта кетейік, бұған дейін бес жыл ішінде мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілгені туралы жазған едік