Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Жыл басынан бері өңірде 497 өрт болса, оның 340 жеке секторға тиесілі. 

түтін датчигі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, айлық барысында профилактикалық іс-шаралар тұрғын үй секторын қамтиды және халықтың әлеуметтік осал топтарына басты назар аударылатын болады.

қауіпсіздігі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Тұрғын үйлерді аралау барысында электр сымдарын, пештерді тексеру жүргізілді, түтін мұржалары тазаланды, яғни өрттің негізгі себептеріне назар аударылды. Сондай-ақ, тұрғындарымен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы әңгімелер өткізілді, көміртегі тотығының дербес датчиктері орнатылды. Өңірде 4 жыл ішінде осы құрылғылардың іске қосылуының арқасында 21 адамның өмірі сақталды. Бұл алдын алу шаралары бір аймен шектеліп қана қоймайды, бұл тек бірінші кезеңі ғана. Жалпы жыл басынан бері өңірде 497 өрт болса, оның 340-ы жеке секторға тиесілі», - деді ведомстводан.

қауіпсіздігі
Фото: Ақмола облысы ТЖД

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, түсіндіру жұмыстарымен айналысып жүрген мобильді топты Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев өзі басқарды. 

сөндірушілер
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты 70 адам эвакуацияланғанын жазған едік.