05:15, 06 Ақпан 2026 | GMT +5
Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақмола облысында жол жабылғанын хабарлады.
«2026 жылғы 6 ақпан сағат 05:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады», деп хабарлады Ұлттық компания.
Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Еске сала кетсек, бүгін екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарладық.