17:53, 03 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ауа райына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, ауа-райының нашарлауына байланысты (екпінді жел, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1292-1353 км, «Жібек жолы ААП-Қарағанды облысының шекарасы» аралықтарында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің үш облысындағы республикалық маңызы бар автожолдар жабылғанын жазған едік.