Ақмола облысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады – синоптиктер

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Тұман, көктайғақ: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 14-ші ақпан күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Республика бойынша – жел күшейіп, тұман болады. Ақмола облысының шығысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.