Ақмола облысында сот орындаушы мемлекетке тиесілі қаржыны өзі иеленбек болған
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен атқарушылық іс жүргізу бағыты бойынша мемлекет кірісіне 590 млн тенгеден астам бюджетке өндірілді, деп хабарлайды Kazinform.
Мысалы, Жарқайың ауданының прокуратурасы мемлекеттік сот орындаушысының ЖШС-нан мемлекет кірісіне 900 млн теңгеден астам мемлекеттік баж салығын өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізіп жатқанын анықтады.
«Бұл іс бойынша мемлекеттік сот орындаушысы заңда көзделген, уақтылы орындауға бағытталған шараларды қолданбаған. Атап айтқанда, ЖШС мүлкін сатудан түскен қаражат орындаушының шотынан мемлекет кірісіне аударылмады», — деп жазды бақылаушы органнан.
Жарқайың ауданы прокуратурасының шараларымен анықталған бұзушылықтар жойылды, мемлекет кірісіне 300 млн теңгеден астам қарыз өндірілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.