Ақмола облысында су басқан үйлерден 42 адам эвакуацияланды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Шортанды және Есіл аудандарында су басқан үйлерден 42 адам эвакуацияланды, оның 17-сі бала.
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш аудандарда 1 жеке тұрғын үй, 18 көппәтерлі тұрғын үй және 9 жеке тұрғын үй ауласы су басқан. Бұдан қоса, Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектетің ауласына су кірген.
«Ақмола облысы ТЖД және ЖАО қызметкерлері Шортанды және Есіл аудандарында су басқан үйлерден 42 адам эвакуациялады, оның 17 бала. Сонымен бірге, аталмыш аудандар аумағында бір тәуліктің ішінде 1 300 текше су сорылды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында Есіл өзені тасып, 4 адам құтқарылғанын жазған едік.