Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған. Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
Осы орайда ТЖМ мынадай ескерту жасады:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.