Ақмола облысында трактормен жыртылған археологиялық ескерткіштер туралы не білеміз
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Зеренді ауданында трактормен жыртылған археологиялық ескерткіштер - ерте темір дәуірінің қорғандары (б.з.д. 7-3 ғасырлар) және кейінгі ортағасырлық қорымдар (18-19 ғасырлар). Бұл туралы Ақмола облысы мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Үкеевтің Kazinform тілшісіне айтып берді.

Жасұлан Үкеевтің айтуынша, зерттеу барысында жоғарыда аталған аумақта тарихи-мәдени мұра ескерткіштері анықталмады. Алайда, «Дихан плюс» ЖШС территориясының аумағындағы жыртылған жерлерді зерттеу барысында 111 гектар аумақта археологиялық ескерткіштер табылған:
1. Ортақ қорымы, ерте темір және орта ғасырлардағы 10 қорғаннан тұрады.
2. Ортақ II қорымы, ерте темір дәуірі мен орта ғасырға жататын 10 қорғаннан тұрады.
3. Ортақ III қорымы, XIX ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы.
4. Ортақ IV қорымы, ерте темір дәуірінің 3 қорғанынан және орта ғасырға жататын екі қорғаннан тұрады.
5. Ортақ V қорымы, үш ортағасырлық қоршаудан тұрады.
Оның ішінде Ортақ ІІ, ІІІ, IV қорымдарының қорғау аймақтары сақталмаған және қорғандардың шетіне дейін жері жартылған, кейбір қорғандардың беткі қабаттары жыртылған, өйткені ол жерлерде шөп шықпаған. Ал Ортақ IV қорымының бір қорғаны толықтай соқамен жыртылған.

Бұл ретте, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VI ҚР Заңының 30-бабы өрескел бұзылған. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуге тиіс.
«Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды одан әрі жүргізуді тоқтата тұруға және үш жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына хабарлауға міндетті», - дейді Жасұлан Үкеев.
Айтуынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығымен жоғарыда аталған Қағидаға сәйкес ескерткіштерді қорғау аймағының шекаралары айқындалады.
Ереженің 7-тармағының 3-тармақшасында археологиялық ескерткішінің, киелі объектілер мәдени қабаттарын табудың шеткі шекарасынан, егер де ескерткіштер тобы кезінде-тарих және мәдениет ескерткіштерінің сыртқы шеткі шекарасынан 40 метр қорғау аймағымен қоршалады.
Осыған байланысты Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Зеренді ауданды әкімдігіне «Дихан плюс» ЖШС шара қолданып, қорғандарды қалпына келтіріп және қорғау аймағына сақтауды міндеттеу жөнінде ресми хат жолдаған.
«Біз өз тарапымыздан осы Зеренді аудандық жер қатынастары бөліміне осы мәселе бойынша хат жолдадық. Олар бізге «Дихан плюс» ЖШС көктемде, қар еріп, жер кепкенде қорғандар мен қорымдарды қалпынан келтіріп, айналасын қоршап, 40 метр жақындайтын айтып уәде берді айтты», - деп қосты Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Үкеев.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында көне қорғанды трактормен жыртқандарға қатысты іс қозғалғанын жазған едік.