Ақмола облысында тракторшының өліміне байланысты іс қозғалды

1 аптада елімізде 2 647 қылмыс жасалды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ақмола облысында жергілікті кәсіпорындардың бірінде тракторшы қайтыс болды, полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қаңтарда Бұланды ауданындағы жергілікті ЖШС-нің бірінде болған. Бұл туралы сол күні сағат 20:00 шамасында Бұланды аудандық полиция бөліміне хабар түскен.

- Анықталғандай, кәсіпорын қызметкері жұмыс орнында болған кезде жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруде, - деп хабарлайды ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатына ұшыраған фельдшердің қайтыс болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар