Ақмола облысында жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтіп жатыр

Международный турнир по вольной борьбе среди юношей стартовал в Акмолинской области
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының Есіл қаласында спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Ысқақов пен спорт шебері, Қазақстан чемпионы Мәди Ысқақовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Боз кілемде белдесетін жас спортшылар Есіл ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне таласады.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден 270 спортшы қатысып жатыр. Палуандар 22 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер атағын сарапқа салады.

— Бұл турнир — салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді. Палуандар спорттық шеберліктерін шыңдап, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Бұл да әр өңірден келген команда мүшелерін біріктіреді», — дейді турнирдің бас төрешісі Қобыланды Шәкіров.

Ол турнирдің финалистері жүлдеден бөлек, спорт шеберіне кандидат атағын алғанын айтты.

Международный турнир по вольной борьбе среди юношей стартовал в Акмолинской области
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жарысқа қатысып жатқан палуандар, жаттықтырушылар сондай-ақ төрешілер де жатын орын, тамақпен қамтамасыз етілген. Залда медицина қызметкерлері кезекшілік атқарып отыр. Турнир қаланың су жаңа дене шынықтыру орталығында өтіп жатыр.

Турнирді ұйымдастырушы Есіл аудандық Еркін күрес федерациясының президенті Талғат Әлжанов жарыстың 20-шы рет өткізіліп отырғанын айтты. Турнир жыл сайынғы және дәстүрлі шараға айналды, оған әртүрлі елдерден спортшылар үнемі келеді.

Международный турнир по вольной борьбе среди юношей стартовал в Акмолинской области
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Турнирге қатысушылардың қатарында жылдар бойы жекпе-жектен биік белестерді бағындырған спортшылар да бар.

— Осы турнирді қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың 90% жергілікті кәсіпкерлердің қалтасынан шықты. Есіл ауданының әкімдігі де қалыс қалмады, автобустар ұйымдастырып, спортшыларды орналастырды, — деді Талғат Әлжанов.

Ол турнирдің алдында екі апта бойы даярлық жиындары өткенін айтты.

Международный турнир по вольной борьбе среди юношей стартовал в Акмолинской области
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Талғат Әлжанов жергілікті спортшыларға жаттығатын әрі ірі турнир өткізу үшін бөлек күрес бөлмесінің жетіспейтінін айтты. Қалада ондай залдың жақын арада салынатынына сенім білдірді.

Тәжікстаннан келген команда бапкері Мардали Шакуров өзімен бірге тоғыз ойыншысы келгенін айтты. Бұған дейін турнирге Тәжікстаннан 16-17 жігіт келсе, биыл олардың саны аз, себебі команданың өзге мүшелері Якутияда (Ресей) өтетін жарысқа кеткен.

Международный турнир по вольной борьбе среди юношей стартовал в Акмолинской области
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Спортшыларым осында бақ сынайды, үйге барғаннан кейін қателіктерімізбен жұмыс істейміз. Кім жеңетнін боз кілем көрсете жатар, — дейді Мардали Шәкуров.

Ол қатысушылардың жоғары дайындықпен келгенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Өзбекстаннан келген команда бапкері Муроджон Ашуров өзімен бірге алты палуанды әкелген. Болжамы бойынша оның екеуі финалға шығуы тиіс.

— Бұл турнир бізге тәжірибе береді. Біздің жігіттер болашақта Азия чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық спортшылармен достасады», — деп бөлісті жаттықтырушы.

Жасөспірімдер арасындағы турнир Есіл қаласында 29-30 күндері өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар