Ақмола облысында жоғалған Өзбекстан азаматы 3 аптадан бері табылмай жатыр

ПД баспасөз қызметі
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform.

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында 3 апта бұрын жоғалған Өзбекстан азаматы іздестіріліп жатыр.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1972 жылғы Құлмаханбет Әбдухалылұлы Рахманқұловтың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар биыл 22 қаңтарда Біржан сал аудандық ПБ түскен. 

Ақмола облысы
Фото: Ақмола облысы ПД

Туыстарының айтуынша, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстанға 2023 жылдың 22 қарашасында келген. Біраз уақыт Астанада тұрған, кейін желтоқсан айында Біржан сал ауданының Краснофлотское ауылына келген. Сол ауылда жоғалып кеткен.

«Ер адам Краснофлотское ауылындағы жергілікті шаруа қожалығында жұмыс істеген. Ер адамды іздеу барысында онымен байланысты болғандар анықталды. Сонымен бірге, туыстарынан, таныстарынан және ауыл тұрғындарынан сұрастырылды. Қазіргі кезде, шетелдік азаматты іздеуге Біржан сал аудандық ПБ жеке құрамы тартылған», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында боранда жолда қалған 26 адам құтқарылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар