Ақмола облысындағы ұшақ апаты: комиссия құрылды

АСТАНА. KAZINFORM – Екі адамның өліміне алып келген жеке ұшақ апатының салдарын арнайы комиссия анықтап жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

п
Фото: Burkit001 / Telegram-канал

- 2025 жылғы 17 тамыз күні сағат 17:40-та Ақмола облысында жалпы авиация желісі бойынша ұшу кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Әуе оқиғаларын тергеу қағидасына сәйкес комиссия құрылды, - делінген хабарламада. 

Қазір Көлік министрлігінің оқиғалар мен жайттарды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнына шықты. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. 

Еске салсақ, бұл елорда маңында тіркелген бірінші жайт емес. Биыл маусымда Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум