Ақмола облысындағы жолдың бір бөлігінде автокөлік қозғалысы шектелді
Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар жол учаскесінде автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақмола облысы Көкшетау-Атбасар автожолының 47-184 шақырымындағы, Зеренді қаласынан - Атбасар қаласына дейін көлік қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Ақмола және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.