Ақмола облысының 95 елді мекенінде тұрғын үйлер судан аман қалды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының үш ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жалғасуда. Өңірдің 95 елді мекенінде тасқын судың тұрғын үйлерді басуына жол берілмеді.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Жарқайың, Есіл және Целиноград аудандарында су тасқынына қарсы шараларға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар, сондай-ақ, волонтерлар мен жергілікті тұрғындардан барлығы 300 астам адам және 50 техника жұмылдырылған.
«Қазіргі кезде облыстың бірқатар өңірлерінде су тасқынының қауіпті кезеңі артта қалды. Қосымша күштер мен құралдар Атбасар және Жарқайың аудандарынан орналасқан жерлеріне бағытталды. Облыс бойынша барлығы 95 елді мекенде жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің өзге облыстарынан Атбасарға су тасқынымен күресуге келген құтқарушылар үйлеріне қайтқанын жазған едік.