Ақмола облысының Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Юрий Курушин Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Юрий Курушин
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Юрий Викторович Курушин 1976 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданында туған.

«Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1995 жылы Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

1995-2006 жылдары — Шортанды ауданы бойынша салық комитетінің әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.

2006-2013 жылдары — Ақкөл, Жақсы аудандары бойынша салық басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін — экономика және қаржы бөлімінің басшысы, содан кейін 2018 жылғы шілдеге дейін — Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қарашасына дейін Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары болды.

Биылғы қыркүйек айына дейін Ақкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазған едік.