Ақмола облысының прокуратурасы испан инвесторының проблемасын шешіп берді

Ақмола облысының прокуратурасы құны 63 млрд теңге болатын «Big Farm» ЖШС (Urbas Crupo) инвестициялық жобасының проблемалық мәселесін шешіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокуратура
Фото: ҚазАқпарат

Жылына 7200 тонна асыл тұқымды сиыр етін өндіруді жоспарлап отырған испан инвесторы 3 жыл ішінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесін ала алмаған.

Сондай-ақ, ол құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алуда әкімшілік кедергілерге тап болған.

"Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы кешенді шаралармен «Big Farm» ЖШС шетелдік инвесторының (отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен) жобасын сүйемелдеу шеңберінде жұмысын бастады.

Прокуратураның негізгі міндеті проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылатынын атап өтеміз", - деп жазды бақылаушы органнан.