21:17, 04 Қараша 2024 | GMT +5
Ақмола облысының прокурорлары 100-ден астам онкологиялық науқастың құқығын қорғады
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының прокуратурасы мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтарын сақтау заңдылығына талдау жүргізді.
Онкологиялық дертке шалдыққан 109 адамның мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеу түріндегі құқықтарын бұзу анықталды.
«Мысалы, Көкшетау қаласы тұрғындарының бірі 2022 жылдан бері онкологтың есебінде тұрған. Алайда емдеуші дәрігермен мүгедектікті, мүгедектік дәрежесін анықтау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау мәселесіне бастамашылық жасалмаған», — деп жазды бақылаушы органнан.
Қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, онкологиялық науқастардың мүгедектік дәрежесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.