Ақмола облысының тұрғындары бір аптаның ішінде алаяқтарға 32 миллион теңгеге алданған

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының прокуратурасы осы аптада 21 өңір тұрғыны алаяқтарға сеніп, 32 миллион теңгесінен айырылғанын хабарлады.  

Ақмолалықтардың ақшасын жымқырған алаяқтар сотталды
Фото: polisia.kz

«Облысымыздың азаматтары осы аптада алаяқтарға сеніп 32 миллион теңгеге алданып отыр. Алаяқтар жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері, банк қызметкерлері ретінде таныстыруды жалғастырып, жәбірленушілердің атынан таныс адамдардан қарызға ақша сұрап, хабарлама жіберуді тоқтатар емес. Мысалы, Қосшы қаласының тұрғынына «What’s App» мессенджерінде хабарлама келіп түсіп, ол оның танысы өзінен 200 000 теңге қарызға бере тұруын, қарызын пайызбен қайтаруға уәде беріп тұр деп ойлаған», - делінген хабарламада.

Танысының бұл туралы шынымен жазғанына көз жеткізбестен, азамат алаяқ көрсеткен шотқа ақша аударып, танысына кешке ғана қоңырау шалып, онда бәрі жақсы екенін білуге шешім қабылдаған.

Әңгіме барысында танысы оның ұялы телефонын бұзып, барлық таныстарына қарызға ақша сұрап хабарламалар жібергенін айтып жеткізгенін көрсеткен.

«Сізге таныстарыңыздан, туыстарыңыздан ақша сұрап хабарламалар келіп түскен болса, міндетті түрде бұл хабарламаны олар шынымен жазғанын қоңырау шалу арқылы тексеруге азаматтардың назарын аударады. Ешқандай жағдайда қолма-қол ақшаны бейтаныс банк карталарының нөмірлеріне жібермеңіз», - деп ескертті облыстық прокуратура. 

Соңғы жаңалықтар