Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінің 465 қызметкері 100 пайыз дауыс берді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 465 қызметкері дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өтіп жатқан кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауына Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұжымы аса жауапкершілікпен қарап, өздерінің азаматтық парызын орындады.
«Департаменттің №60 жабық сайлау учаскесіне тіркелген 465 қызметкері түгел таңғы сағат 09:00-ге дейін толықтай дауыс беріп үлгерді.
Тіпті, еңбек дамалысында жүрген қызметкерлерде бұл науқаннан қалыс қалған жоқ. Мәселен, департамент қызметкері Айдын Тоқтаров тіркеуден шығару талоны бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында өз таңдауын жасады», - дейді ведомство.
Сонымен қатар, тергеу изоляторына қамалғандардың да дауыс беруі үшін сайлау пункті ұйымдастырылып отыр. Мұндағы сайлаушылардың саны 129 құрайды.