Ақмола облыстық сотында сот құжаттары сапасының жақсаруына серпін беретін шара өтті
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Ақмола облыстық соты Судьялар одағының Ақмола филиалымен бірлесіп, Ақмола облысының аудандық, қалалық соттарының судьялары арасында процессуалдық құжаттардың сапасы бойынша байқау өткізді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
Байқаудың басты мақсаты - облыстың жас судьяларының сот үкімдері мен шешімдерін сапалы дайындау деңгейін көтеру.
Байқаудың ережесіне сәйкес, конкурстық комиссия құрылды.
2010 жылғы мамырдың 31-інедейін Ақмола облысының аудандық және оған теңестірілген соттарынан аталмыш байқауға қатысу үшін, сондай-ақ олардың дайындаған процессуалдық құжаттарының сапасын анықтау мақсатында біршама құжаттар қабылданған болатын.
Осы байқауға 14 жергілікті сот өкілдері қатысты.
Байқаудың нәтижелері ағымдағы жылғы маусымның 25-інде шығарылды:
Ақмола облысының жас судьялары арасында өткізілген іс жүргізу құжаттарының үздік сапасы бойынша сайыстың "Сапалы шешім" аталымында ІІІ орынға ие болған Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Азамат Аймұхамедов; ІІ орынға ие болған Степногор қалалық сотының судьясы Айсұлу Мамилянова; І орынға ие болған Атбасар аудандық сотының судьясы Ерлан Оразовтың; мемлекеттік тілде шығарылған "Сапалы шешім" аталымына ие болған Целиноград аудандық сотының судьясы Гүлмира Балыбаеваның; мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ерлан Мұқышевтың; Жақсы №2 аудандық сотының судьясы Серік Әміров, Көкшетау қалалық сотының судьясы Нұрсұлтан Рахымберлиннің және басқаларының есімдері аталды.