Ақмола облыстық сотының кеңейтілген мәжілісінде құқықтық саясаттың тұжырымдамасы қарастырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алқалы басқосуға облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысып, күн тәртібіне қойылған мәселелер төңірегінде ойларымен бөлісті. Өз кезегінде облыстық соттың төрағасы Ақжан Ештай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Парламентінің 4-ші шақырылымдағы 3-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінен туындайтын сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді тарқатып, назар аударар тұстарға тоқталды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Мейрам Жанғұтдинов 2010-2020 жылдар кезеңіне арналған құқықтық саясаттың тұжырымдамасын тілге тиек етіп, осыған орай қолға алынуға тиісті шаралар жайында ойымен бөлесті. Пікір алмасу барысында соттың әділдігі, әр қаралған сот ісінде адам тағдыры жатқандығы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, шығарылған үкімдердің заң талаптарына сәйкестігі, алдағы уақытта қабылданар шешімдердің адамгершілік басымдығы, мақсат қаралау емес әділдікті қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге соттардағы алқабилер рөлі, оның өмірден берік орын алуы, жекеменшік сот орындаушылар институтының енгізілуі әңгіме арқауына айналды. Басқосу қорытындысында аталған құжатты басшылыққа ала отырып, тиісті ұсыныстар жасау қажеттігі атап көрсетілді.