12:58, 13 Тамыз 2021 | GMT +5
Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Андрей Подгурский облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Мәлгаждар Тәткеевтің өкімімен Андрей Иванович Подгурский облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Андрей Иванович 1984 жылы Бурабай ауданында дүниеге келген.
Мелекеттік қызмет саласында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Айта кетейік, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Ақмола облысы туризм басқармасын Уәлихан Ғабдуллин басқарған еді. Ол биылғы жылдың ақпан айында өз еркімен қызметінен кеткен болатын.