Ақмола облысы автожолдарының 10 учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат тілшісі - Биыл Ақмола облысы автожолдарының жалпы ұзындығы 148 шақырымды құрайтын 10 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы автожолдарының 10 учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда «Көкшетау-Атбасар» автожолының 102-158 км учаскесінде 56 шақырым қашықтықта шұңқырларды жабу, тегістеуші қабатты төсеу, жол жиегін нығайту жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 20-40 км учаскесінде 79 600 шаршы метр жол фрезерленіп, ресайклинг жасалды. 5 000 шаршы метр жолда шұңқырлар жабылды. Сонымен қатар, жол жиегін нығайту, су құбырлары жөндеу, жолақтарды салу жұмыстары жоспарланған. Р-6 «Макинск-Ақсу-Торғай» 203,8-214, 220-220,8 км учаскесінде құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Р-10 «Нұр-Сұлтан қаласын айналып өту» 9-22,9 км; 46,2-52 км; «Көкшетау қаласын айналып өту» жол өткелінің 15 км, Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» 9 км; М-36 «Екатеринбург-Алматы» 1232-1246 км учаскелерінде шақпақ тасты асфальтбетон жабыны төселуде.