09:25, 12 Қаңтар 2018 | GMT +5
Ақмола облысы аймағында істен шыққан пойыз жолаушылары өзге пойызға отырғызылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қарағанда-Астана» бағытындағы №68-57 электр пойызының істен шығуына байланысты 139 жолаушыны өзге пойызбен сапарын жалғастыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми деректерге қарағанда, 11 қаңтар күні сағат 14:10-дар шамасында 42 разъезд стансасында «Қарағанда-Астана» бағытындағы №68-57 электр пойызының тоқ қабылдағышы істен шыққан. Осы кезде электр пойызының вагонында 139 жолаушы болған. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Өзге пойыздардың қозғалысына да кедергі келтірілмеді. Арада жарты сағат өткен соң жолаушылар «Жезқазған-Астана» бағытындағы №307 пойызына отырығызылды.
Сонымен қатар, осы күні Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта «Астана-Көкшетау» бағытындағы № 68-07 жолаушылар электр пойызы істен шығып, кестеден тура 3 сағатқа кешікті.