Ақмола облысы биыл тауарлық өнім бойынша рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін
Бұл тізімде алтын шығаратын «RG PROCESSING» зауыты, «SG BRICK» кірпіш зауыты, «Қазақалтын технолоджи» фабрикасының адаптациясы, «SG Beton» темірбетон бұйымдары зауыты бар.
«Биыл іске қосылатын ірі жобалар – Аршалы ауданындағы «Борей Энерго», Зеренді қаласындағы «Эталон Винд Пауэр» жел электр станциялары, Бұланды ауданындағы «Макинка құс фабрикасының» үшінші кезегі және Аршалы ауданындағы екінші «SG BRICK» кірпіш зауыты. Сондай-ақ, биыл органикалық тыңайтқыштар өндіру бойынша «Бурабай Биогаз» ЖШС, «Борей Энерго» жел электр станциясының екінші кезегін, «Қазақ Даймондс» техникалық алмас концентратын шығару фабрикасын, «SG Beton» темірбетон бұйымдарының өндірісін кеңейту және басқа да жобалар қолға алынады», - деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік брифингте.
Облыс әкімі осы өндірістердің жобалық қуаты мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тұрақты динамикасын сақтау арқылы жыл соңында тауарлық өнім көлемі рекордтық көрсеткіш - 1,5 трлн теңгеге жететінін айтты.
«Жалпы, ел көлемінде жекелеген өнім түрлері бойынша мойынтірек – 100%, әрбір екінші мамандандырылған автомобиль, жинайтын комбайн және трактор, әрбір үшінші керамикалық кірпіш және әрбір үшінші килограмм алтын біздің аймақта өндіріледі», - деді Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін спикер Ақмола облысы соңғы үш жыл бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы қатарда екенін айтқан еді.