Ақмола облысы өңірлік өнім көлемі бойынша көш басында
Биылғы жылдың 9 айында Ақмола облысының ауылшаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 248,4 миллиард теңгенi, нақты көлемнiң индексi - 113,1 пайызды құраған.
«Бүгiнгi күнi Астана қаласының айналасындағы азық-түлiк белдеуі аясында 9,8 миллиард теңгеге 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның iшiнде жалпы сомасы 6,1 миллиард теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды», - деп атап өттi Б. Мәлғаждаров.
Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары Астана базарына апаратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемiн ұлғайтуда, - дедi баяндамашы.
Бүгiнде облыс бойынша күзгі орақ барысында 5,7 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Жалпы өнімділік гектарынан 13,2 центнерден айналды.
Одан өзге, жиналыс барысында жеке шаруашылықтар базасында өндiрiстiк кооперативтердi құру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесi де көтерiліп, нақты тапсырмалар берілді.