Ақмола облысына қарасты ауыл кенттері бірінің әкімі қылмыстық жауапқа тартылды

АСТАНА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (ЭҚСЖҚД) аймақтағы ауыл кенттері бірінің әкімі үстінен қылмыстық іс қозғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. С. есімді ауыл әкімі пәтерді жекешелендіру туралы келісімшарттың көшірмесіне біле тұра жалған мәліметтер енгізіп, Е. есімді азаматтың иелігіндегі пәтерді А. есімді азаматтың атына аударып берген. Лауазым өкілеттігін теріс пайдаланған әкімнің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы, 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Қаржы полициясының мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің аталмыш бабы бойынша Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Дене шынықтыру және спорт» Мемлекеттік басқармасының А. есімді бас маманы да қылмыстық жауапқа тартылды. Ол пайда табу мақсатында карточкалық шоттан бюджеттен спорттық іс-шаралар өткізуге бөлінген қаражатты алып, өз мұқтаждықтарына жұмсаған. Осылайша мемлекетке 76 940 теңге сомасында шығын келтірді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭҚСЖҚД Абай аудандық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясы бөлімшесінің Т. есімді инспекторы К. есімді азаматқа әкімшілік жауапкершілікке тартпауды уәде етіп, одан 13 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ҚР ҚК-нің 311 бабы, 2-ші тармақшасына (пара алу) сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Соңғы жаңалықтар