Ақмола облысында 10 жасар баланың неден көз жұмғаны белгілі болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола дəрігерлері 10 жасар баланың өмірі үшін қалай арпалысқандарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бала ақпанның 1-де Бурабай аудандық ауруханасына Николаевка ауылынан ауыр халде жеткізілген. Араға бір күн салып бала көз жұмды.

«Анасының айтуынша, бала үш күн бойы ауырған. Дəрігердің көмегіне жүгінбеген, кейін жағдайы мүлдем ауырлағанда ғана жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Алайда, ауыл шалғайда орналасқандықтан жедел жәрдем жеткенше, ата-анасы өз күшімен баланы ауруханаға алып келді. Нақты диагноз зерттеу нəтижесінен кейін белгілі болады. Ауруханаға түскен кезде сепсис, организмнің уланғаны белгілі болды», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «Бурабай авиценна» ЖШС директоры Алма Құрмашева.

Дәрігердің айтуынша, бала жедел жансақтау бөліміне жатқызылып, облыстан мамандар шақыртылыпты.

«Олар емдеуді үйлестірді. Бала көлікпен тасымалдауға жарамады, жасанды тыныс алу аппаратында жатқандықтан, олар алып кете алмады», - дейді А. Құрмашева.

Ведомстводан атап өткендей, баланың отбасында төрт бала тəрбиеленуде.

Соңғы жаңалықтар