Ақмола облысында 110 мыңнан астам зейнеткер тұрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 қазан - Халықаралық қарттар күні аясында бір топ ардагерлер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 110 мыңнан астам зейнеткер тұрады

Бұл жолы «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған мерекелік шараға барлық қалалар мен аудандардан ел абыройына бөленген ардагерлер шақырылды. Оларды аймақ басшысы Мәлік Мырзалин құттықтап, бір топ қазыналы қарттарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. 

«Ортамызда жүрген қарияларымыздың елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше. Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға ерекше көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыз әрқашан құрмет тұғырында болады», - дей келе Мәлік Мырзалин ардагерлерді облыста атқарылып жатқан жаңа заман үрдістеріндегі игі істерден хабардар етті.

null

Сонымен қатар, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл да жиналған қауымға ықыласты тілегін білдірді.

«Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымының құрамында 111 мыңнан астам зейнеткерді біріктіретін 843 бастауыш ардагерлер ұйымы, 2 қалалық және 17 аудандық ардагерлер кеңесі, 68 соғыс ардагері, мыңға тарта соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер, 5570 тыл еңбеккері, 900-дей Ауған соғысы ардагері, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан 59 адам бар», - деді Ғосман Төлеғұл. 

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

null null null null null