Ақмола облысында 120-дан астам адам орман өртін сөндірді
Ведомствоның мәліметінше, даладағы құрғақ шөптен шыққан өрт орман алқабына жайылған. Өрт болған жерде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарының барысын ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин жеке бақылауына алды.
«Халықты табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру керек. Бізде Бурабай, Зеренді курорттық аймақтар, туристер көп, астаналық жасыл белдеу және Көкшетаудың айналасында үлкен орман алқабы бар. Біз бәрін ерекше бақылауда ұстауымыз керек», - деді Ермек Маржықпаев.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 115 адам және 10 техника, 5 автоцистерна, 2 вахталық көлік, 1 командалық-штабтық машина,«Бұқпа» орман шаруашылығынан 47 адам және 6 техника, 3 автоцистерна, «Үрімқай» орман шаруашылығынан 5 адам және 1 техника, «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы» мекемесінен 6 адам және 2 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамынан 3 экипаж мүшесі, 2 техника және МИ-8 тікұшағы, сонымен бірге, «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының, жергілікті атқарушы органдар, облыстық Табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.
«Өрт болған жерге «Қазавиақұтқару» - дың МИ-8 тікұшағы арқылы 81 тонна су шашылды. Қазіргі кезде елді мекендерге өрттен қауп жоқ. ТЖД және орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері бақылауға алған», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім қыз суға батып кеткенін жазған едік.