Ақмола облысында 128 оқушы шаруа қожалығы есебінен тамақтанады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданындағы «Подгорное-1» ЖШС 128 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.
None
None

Бұл турал аймақ басшысы Сергей Кулагиннің ауданға жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Подгорное ауылында болып, осындағы «Подгорное-1» ЖШС жұмысымен танысты. Аталған серіктестік егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен де айналысады. Осы күні шаруашылықта қазақтың ақбас сиырлары өсірілуде. Бүгінгі күні ірі қара малдың жалпы саны 1800 басты құрайды. Бір жылдағы орташа салмақ өсімі - 1071 центнерді, орташа төлдеу 704 басты құрайды.

Биылғы жылы шаруашылық 19.2 мың гектар алқаптан 23 мың тонна астық жинады. Гектар берекесі орташа 15,4 центнерден айналды.

Шаруашылық ауылда әлеуметтік саланың дамуына да зор үлес қосып келеді.
Жақында ғана 50 миллион теңгеге бой көтерген мәдени демалыс орталығы соның айқын дәлелі.

Орталықта қоғамдық тамақтануға, салтанаттарды ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған. Ауыл бизнесінің дамуына он бағасын берген аймақ басшысы алдағы уақытта да бұл бағытта қолдау көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар, биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 91,7 миллион теңгеге Подгорный орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Мектеп директоры Алтынай Саманбаеваның айтуынша, осында білім алып жатқан 128 оқушы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Осы бағытта «Подгорное-1» ЖШС-мен 1,1 миллион теңгеге меморандумға қол қойылған.

Ауданға сапары барысында аймақ басшысы Белағаш ауылындағы «Жақсы су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен де танысты.

Сонымен қатар аудан орталығында жеке мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді.

Сапар соңында аудан активіне қатысып, өңірдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды. Облыс экономикасының дамуына әр салада елеулі үлес қосқан Жақсы ауданының бір топ тұрғынына марапаттар табыс етілі.

Соңғы жаңалықтар