Ақмола облысында 13 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ­тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жаппай ­басталды. Қазірдің өзінде облыс бойынша ­13 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 13 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілді

Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дерегі бойынша облыстық бюджет есебінен бөлінген­ қаржыға 1 қазаннан бастап, 1 желтоқсан ­дейін халық көп шоғырланған елді мекенде­рдегі тұрғындарға екпе егу жоспарланған.­ Оның ішінде жүкті әйелдерге де екпе егу қарастырылып отыр. Көп жылғы талдау көрсеткендей мамандар А­қмола облысы аумағында тұмаудың эпидеми­ологиялық маусымы қазаннан сәуір айына д­ейін жалғасатынын болжап отыр. Осы мақсатта тұмауға қарсы екпе егу үшін­ 2017-2018 жылдарға облыстық бюджеттен 65­ миллионнан астам теңге қаражат бөлініп,­ 75 157 мың мөлшер (доза) сатып алынған. Бұл ретте, ресейлік «Гриппол плюс»  вакц­инасы пайдаланылып отыр. Вакцинаның құра­мында A(H3N2) және А(H1N1), сондай-ақ,­ тұмаудың В типті түріне қарсы әрекет ет­етін антигендік штамм бар. Вакцинаны негізінен (асқынған өкпе, жүре­к-қан тамырлары, иммунитеті төмен, жиі­-жиі ауыратын балалар мен балалар үйі, ме­ктеп-интернатының тәрбиеленушілері және­ қариялар үйі мен медицина қызметкерлері­, жүкті әйелдерге) егу көзделген.

«Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 13 420 м­ыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілген (оның ішінде 2 415-і 14 жасқа дейінгі балалар, ересектер арасында 2 136 медициналық қызметкерлер жəне 167 жүкті әйелдер). Сонымен қатар, тұрғындарға қосымша жеке қаражаты есебінен де екпе салу қарастырылған. Ақылы екпенінің құны 1 380 ­теңгені құрайды. Вакцинаның қорғаныс әсері екпе алғаннан ­кейін 14 күн өткен соң басталып, 6 айдан­ 12 айға дейін жалғасатын болды. Жалпы, ­бүгінгі күні Ақмола өңірінде тұмау бойын­ша эпидемиологиялық жағдай тұрақты», - дей­ді департамент мамандары.